24 қазан күні қаламыздағы № 21 жалпы орта білім беретін мектеп қабырғасында біздің мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Накупова Бақыт Барашқызы қаламыздағы қазақ мектептерінің тарихшылар қауымына «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» атты тақырыпқа коучинг – сессия өткізді. Коучингке қаламыздағы он тоғыз мектептің тарихшылары қатысты. Коучингте бүгінгі таңдағы жас буынды білім алуға ынталандыруда бағалаудың алатын орны жөнінде көп мәселелер көтерілді. Бағалаудың тиімді жолдары мен түрлері, критериалды бағалаудың қадамдары мен рубрикатор, критерий, дескриптор және лейбл ұғымдарын қолдану арқылы тапсырмалар құрастыру жолдары кеңінен қарастырылды. Коучинг соңында сессияға қатысқан қалалық тарихшылар қауымының төрайымы Аубакирова Гүлбану Болатқызы және ұстаздар қауымы өздерінің алғыстарын білдірді.
«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау»