5- ші «А» гимназиялық сыныпта Қазақстан тарихы сабағынан ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Шығыс даналары». Бір апта бұрын оқушыларға алдын – ала шығыс ғұламалары туралы тапсырмалар берілген болатын. Тапсырманың талабы бойынша кез-келген ғұламаның өмір баяны мен шығармашылық жолын, яғни еңбектерінің аттарын білу. Осы тапсырманы 5-ші сынып оқушылары түгелдей өте жауапкершілікпен орындаған. Оған дәлел, ашық сабақ үстіндегі белсенділіктері тән болды. Сабақ «қадір-қасиет» тренингісінен басталып, оқушылар бір-біріне жақсы тілектер мен қатар, әрқайсысының бойындағы жақсы қасиеттерін ортаға салды. Сабақта «зиг – заг» тәсілі арқылы топтарға бөлініп, әр топ жереби арқылы ғұламаларды таңдап, сол тақырыпқа постер жасады, кейін оны әр топ қорғады. Топ аралық «Бағдаршам», «Бас бармақ», «1 сөзбен бағалау», «Қол шапалақтау» әдістері арқылы бір топ екіншісін бағалады. Тақырыпты пысықтау ретінде барлық топтарға бірдей Шығыс ғұламалардың аттары мен еңбектерін сәйкестендіру жұмысы тапсырылды. Оқушылар өз-өздерін, бір-бірін, топ- топты бағалай білді. Сабақ оқушыларға өте ұнады, өздерінің ізденушілік қабілеттерін көрсете білді. Оған сабаққа қатысқан әріптестер куә.
Ашық сабақ