Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Спасибо за вкусный обед в школьной столовой!
Голосовать
Мед как лекарство - 1
От имени родителей, Спасибо за вкусное и бесплатное горячее питание! - 1
Блюдо очень скусное! - 0
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң
29-12-2016 04:11

Қазақ халқының ұлы ғұлама, данасы Абай атамыздың “Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң”-демекші жас ұрпағымызға сапалы білім , өнегелі тәрбие беру мақсатында мектебімізде «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті» атты ата-аналармен бірлескен коучинг өтті. Коучингке келген ата-аналарға мектеп басшысы А.Т.Текжанова өзінің алғысын білдіріп, жақсы тілектерін жолдады.

Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылған жаңа заман талабы – өз Отанын сүйіп, құрметтейтін, өзін- өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын ұрпақ тәрбиелеу -отбасы, қоғам алдындағы міндет.

«Адамның бар қуанышы-бала» демекші ең алдымен мектеп өміріндегі балалардың атқарып жатқан игі істерін , шығармашылықтары жайлы , алдағы атқарылатын жұмыс жоспарлары туралы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К.Макишева сөз алды. Коучинг барысында ата-аналар топтасып, берілген сұрақтар, жағдаяттар бойынша ақылдасып, пікірталасқа белсенділік танытып,жұмыла кірісті.Пікірталас барысында баланың өзін – өзі дамыту жайында ойларын білдіріп, отбасы тарапынан көп көңіл бөлу керектігін саналарына түйді. Коучинг соңында ата – аналар мектептің тәрбие жұмысына, ұстаздарға өз ризашылықтарын білдірді.

Қорыта келе, жас ұрпағымыздың адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік жеке тұлға тәрбиелеп шығару ,мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жүзеге асады дегім келеді.

Р.А.Искакова

бастауыш сынып мұғалімі

№30 ЖОББМ