Тәуелсіз елдің баласымыз бақытты .....
Тәуелсіздік құтты болсын, халайық! Өлең айтып, жырдан шашу шашайық. Егеменді еліміздің төрінде, Масаттанып, ойнап асыр салайық! №30 ЖОББМ 4 «А» сынып оқушысы Зиявдин Тумара Жасасын қазақ даласы! Бақытты болсын баласы. Елбасымыз аман боп, Көркейсін әр қаласы! Құттықтаймын елімді, Сүйемін туған жерімді! 4 «А» сынып оқушысы Самиева Дильназ
Көк аспандай жайдары, Желтоқсанның бұл күні. Тыныштық болып елімде, Жайнасын ту көгімде! 4 «А» сынып оқушысы Жолдыбай Асқар
Тәуелсіз елім, Қазақстан! Президентім Нұрсұлтан. 25 жыл мерейтойды тойлаймыз, Азамат боп, ер жетіп, Қазақстанды қорғаймыз! Желбірейді көк байрақ, Таңбасы оның қыран құс. Сүйемін мен елімді, Сүйемін мен жерімді. Елім үшін аянбай, Төгемін мен терімді . 4 «А» сынып оқушысы Кеңес Наурыз Жиырма бес жылдық мерейтойды тойлаймыз, Елімізді жамандықтан қорғаймыз. Әрдайым кішіге ізет көрсетіп, Бабалардың өсиетін тыңдаймыз! 4 «А» сынып оқушысы Дайырбек Асанали Көк туына басымды мен иемін, Туған жерді, елімді мен сүйемін! Бақыт сыйлап, құрбан болған жандарға, Шын жүректен басымды мен иемін! №30 ЖОББМ 4 «А» сынып оқушысы Амангелді Фарида
