Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тілдер керуені» атты кітап көрмесі
17-09-2016 00:55
«Тілдер керуені» атты кітап көрмесі

Павлодар қаласының № 30 жалпы орта мектебінде 5 - 10 қыркүйек аралығында Мемлекеттік тілге деген құрмет пен оның мәртебесін көтеру мақсатында «Тілдер керуені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар назарына ұсынылды.%d0%ba%d0%b0%d0%b73

Қазақтың ақын-жазушыларының еңбектері насихатталып, кітап-адамның рухани қазынасын байытатын бірден-бір құрал екендігі оқушыларға айтылды. Оқушыларға тілдің мәртебесі жайында мағлұматтар берілді. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қазақтың ұлттық құндылықтарына оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, басқа да материалдармен көрмені толықтырды.%d0%ba%d0%b0%d0%b72 Бұл көрменің мақсаты: ана тілінің қоғамдағы алатын орны туралы айтып жеткізу, туған тілін, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, әр ұлттың тілі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар шара барысында қызығушылықтарын көрсетіп, белсенділік танытты.