Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!
Абай біздің рухани байлығымыз. Қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлға. Тарихқа өшпес ізін, артынан асыл мұрасын қалдырған. Сонау ғасырда өмір сүрген ұлы ойшыл қазақтың таусылмас дастаны іспеттес. Ұлы ғұламаны әлем халқы мойындап, шығармашылығына бас иген. Оның ұлылығына тәнті болған. Ақын өлеңіндегі әрбір тармақ, шумақ өнеге-өсиетке толы. Кемеңгер ойшылды сол замандағы қазақ қоғамының мәселесі алаңдатқан. Қазақ халқының тағдыры мен болашағы толғанғандырған. Ұлы тұлғаларды танып білуде, оларды ұлықтау мақсатында мектебімізде Павлодар қ. Ж. Аймауытов атындағы қазақтың музыкалық-драма театрының әртістері ұлы ақынның өлеңдерін оқып, ән шырқаған.