"Еуразия материгі" ашық сабақ

Мектебімізде география пәні бойынша "Еуразия материгі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақта оқытудағы 7 модульді қолданды. Сабақ оқушыларды топтарға бөлуден басталды. Оқушылар Еуразиядағы мемлекеттер бойынша бөлінді: Қазақстан,
Ресей,
Қытай,
Украина.
Мұғалім Еуразия тақырыбына видеоролик көрсетті. Сабақ бойы оқушылар түрлі қызықты тапсырмаларды орындады:
сәйкестендіру, кесте толтыру, тест, постер құру.
Сабақтын соңында оқушылар өзін-өзі бағалады.
