Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Спорттық жарыс
08-05-2016 16:42
Спорттық жарыс

Мектебімізде 7 мамыр - Отан қорғаушылар және 9 мамыр - Жеңіс күні мерекелеріне орай спорттық жарыс өтті. Жарысқа мектеп мұғалімдері қатысты. Мұғалімдер 4 топқа әдістемелік бірлестіктер бойынша бөлінді: бастауыш сыныптар - "Веснушки", қазақ тілі мен әдебиет әдістемелігі - "Шекарашылар", жаратылыстану-математика бағыты - "Апельсин" және гуманитарлық әдістемелік бірлестігі - "Бірлік" тобы.

Жарыс бірнеше спорттық сайыстардан тұрды: жылдамдыққа жүгіру, секірмекпен секіру, доппен жүгіру, қаппен секіру және т.б. Жарыстың қорытындысы бойынша 3 орынға - "Бірлік" тобы, 2 орынға - "Веснушки" және 1 орынға - "Апельсин" тобы ие болды. Жарыс өте қызықты және көтеріңкі көңіл-күйде өтті.