МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 4-КҮНІ. Бүгін ІІІ деңгейлі денешынықтыру мұғалімі Бауыржан Машимов оқу мен оқытудың жаңа әдістері бойынша коучинг өткізді. Алдыңғы өткен коучинг-сессияға кері байланыста әріптестер олқылық болған бағалау критерийін шығарды. Шығу парағында ұжым атқарылып жатқан іс-шараларды, енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдайтындарын атап өтумен қатар мектептің даму жоспарына енгізуге жасаған ұсыныстар қарастырылды және ескерілді (МЖД жобасы зерделенді).
Бауыржан Машимов коучингті қатысушыларды көңілді жаттығу орындатып, сергітіп, көңілдерін көтеріп алғаннан кейін топқа бөлуден бастады. Оқуды үйрету мен диалогтік оқытуды жаңа әдістермен (диалог түрінде, мектептегі жағдаятты инсценировкамен топтардың шығармашылықпен) меңгеру тиімді де қызықты болды. Мұндай жұмыс түрлері кәсіби нығаюды да, ұжымның ынтымақтастығын арттыруды да қамтамасыз етеді.