Халықаралық ғарышкер күніне орай "Жасын" танымдық клубы "Шаңырақ орталығында" "Ғарышкер болғым келеді" атты зияткерлік сайыс өткізді. Зияткерлік сайыс қатысушылардың танымын кеңейтіп, астрономия, тарих, география, қоғамтану салаларындағы білімдерін тексерді. Танымдық ойынға қаланың №5, 24, 30, 43 жалпы орта білім беру мектептері ат салысты. Зияткерлік сайыс "Өрлеу", "Ұлы дана әуені", "Қазақшаңыз қалай?", "Мақал - сөздің мәйегі", "Бұл қай фильм?", "Самғау" деп аталатын 6 бөлімнен тұрды.
Оқушылар әлемдік ғарышкерлерге, аспан денелеріне, т.б. байланысты сауалдарға жауап беріп, өз танымдарын кеңейтті. Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды №30 ЖОМ 4 "А" сынып оқушысы Айтмағамбетов Әбілхайыр жеңіп алды.
2 орынға 7 "А" сынып оқушысы Қаирова Ажар және 6 "А" сынып оқушысы рахим Нұрым ие болды.
№30 ЖОМ 5 "А" сынып оқушысы Отыншина Мерей және №24 мектеп оқушысы Мағмұрова Айша 3 орынға ие болды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Ойынға ат салысуға келген барлық мектептер Алғыс хаттармен марапатталды.