Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің 1 сынып оқушыларына, мұғалімдерге, ата-аналарға арналған "Әріпті алдым танып мен, Қош бол, алтын Әліппем!" атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны 1"Б" сынып жетекшісі Ибраева К.Р. және 1 "В" сынып жетекшісі Исимова А.К. жүргізді.
Мереке мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдермен безендірілген мектебіміздің мәжіліс залында өтті.
Қонаққа мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар шақырылды. Оқушылар көрермендер алдында сүйікті оқулықтары - әліппеден алған білімдерін, мектеп қабырғасында үйренген өнерлерін көрсетті.
Мерекелік іс-шара өте қызықты өтті. Әліппемен қоштасу кешінде оқушылар бойындағы бар қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін көрсете білді.