«Қазақ хандығының құрылуы» ашық сабақ
22 қаңтар күні мектебімізде 7 А сыныбында Қазақстан тарихы сабағынан ашық сабақ өтті. Сабаққа мектеп әкімшілігі мен мектеп мұғалімдері қатысты.
Сабақ «Қазақ хандығының құрылуы» атты тақырыпқа арналды. Ашық сабақ жаңа технологияға байланысты құрылғандықтан оқушылар сабақ барысында «Ыстық орындыққа» отырып, постер құрастырып, Венн диаграммасы арқылы салыстыру жұмыстарын өте тиянақты, шеберлікпен орындап шықты.
Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Накупова Бақыт Барашқызы өз сабақтарында оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылықты тудыра білетіні анық көрініп тұр.