«Коллаборативті ортаны құру – оқу үрдісіндегі өзара әрекеттесудің тиімді әдістерінің бірі»
2015 жылдың 21 желтоқсанында жаңа форматты курстарды өткен ұстаз Садвокасова Л.А. «Коллаборативті ортаны құру – оқу үрдісіндегі өзара әрекеттесудің тиімді әдістерінің бірі» атты тақырыбына коучинг өткізді.
Коучингке түрлі санаттағы ұстаздар қатысты. Олардың арасында жоғары санатты, бірінші санатты және жас мамандар қатысты. Қатысушылар сабақтарда коллаборативті ортаны қалай құру керек және оны өзінің педагогикалық қызметінде пайдалану тиімділігіне қызығушылықтарын арттырды. Топтарда жұмыс істеуге көп көңіл бөлінді. Ұстаздар коллаборативті ортаны құру тиімділігі туралы постер құруда белсенді жұмыс жасады. «Әлемдік кафе» әдісі бойынша «Мұғалімге неліктен өзгеру керек?» деген тақырыпқа постер құрды. Қатысушылар үлкен қызығушылықпен және ынтамен «Түлек моделі» және «Мұғалімнің моделін» (бәсекеге қабілетті болу үшін олар қандай қасиеттерді меңгеру керек) , «Заманауи сабақ қандай болу керек?» жобасын құрды.Әр тапсырмадан соң, ұжымның әр мүшесіне өзара ынтымақтастық құру үшін ойындар мен тренингтер өткізілді. Қатысушылар коллаборативті орта туралы кең ұғым алды. Коучинг рефлексиямен аяқталды.