Жаратылыстану-математика бағыты пәндерінің апталығында математика мұғалімдері Нурпеисова Роза Шмановна, Сәрсен Айнұр Маратқызы ашық сабақтарын өткізді.
Нурпеисова Роза Шмановна 9 А сыныбында "Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы" тақырыбқа сабақ өткізді. Сабақтың түрі: білімділік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақта ой қозғау, проблеманы шешу әдістері қолданылды. Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, үлестірмелі карточка.
Сабақта проблемалық тапсырманы орындау арқылы, сабақ тақырыбы аталса, оқушылар өздері анықтама мен формуланы қорыта білді. Кітаппен жұмыс істеді, карточка бойынша жекелеген тапсырмаларды орындады. Рефлексия тест арқылы жасалынды.
Сәрсен Айнұр Маратқызы 5 А сыныбында "ЕКОЕ және ЕҮОБ" тақырыбына ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Интербелсенді тақтада қызықты тапсырмаларды, компьютерлерде тест орындады.