Білім беру ұйымдарының ұсынған «Оқу жетістігін сырттай бақылау туралы» ата-аналар жиналысы.
Білім беру ұйымдарының ұсынған «Оқу жетістігін сырттай бақылау туралы» ата-аналар жиналысы.
Ата-аналар жиналысының мақсаты:
Ата-аналарды ОЖСБ өткізу ережелерімен таныстыру;
Алдағы емтиханға балалардың дайындығын талдау;
Ата-аналарға ОЖСБ-ға дайындық кезінде психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша ұсыныстар беру;
Қатысушылар: 4,9,11 сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілері, психолог, мектеп директоры, орынбасарлары.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты 2011-2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) енгізілген. Бұл - білім беру ұйымына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу түрі.
Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:
1)білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингін жүзеге асыру;
2)оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3)білім беру қызметтерінің сапасына салыстырмалы талдау жүргізу болып табылады.
Жыл бойы мектепте ОЖСБ-ға дайындық жүргізіліп отырды. Балалар жауап парағын толтыруды үйренді және ол туралы жақсы біледі. Мектебімізде ОЖСБ-ға әр түрлі пәндер бойынша үнемі дайындық жұмыстары жүргізілді.
Мектепте пән мұғалімдері өткізетін кеңес беру кестесі бар, барлық демалыс уақытында балалар кеңес беруге қатысты.
ОЖСБ тапсыру кестесі:
-25 сәуір – 4 сыныптар
- 26 сәуір – 9,11 сыныптар
Ата-аналар жиналысында пәндерді тереңірек оқыту туралы хабарландыру жасалды. Яғни оқушылар тестілеу жүргізілетін пәндер бойынша тестік тапсырмалармен еселеп айналысатын болады.
ОЖСБ туралы ақпарат слайд түрінде бар.