«Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты мақал-мәтелдер сайысы
15 қыркүйекте, ҚР Тілдер мерекесіне орай, біздің мектебізде 5-7-сыныптар арасында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты мақал-мәтелдер сайысы өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты: ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру. Оқушылардың ой -өрісін, дүниетанымын кеңейту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру,қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Балалар сайысқа белсене қатысып, мақал-мәтелдер тақырыбы бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындады. «Кім тапқыр?», «Жалғасын тап» турдан өтіп, өздеріне көп пайдалы мәлімет алды.