Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Мектеп асханасындағы дәмді түстік ас үшін рахмет!
Голосовать
Тағамдарыңыз өте дәмді - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қамқоршы Күні
27-10-2017 06:37
 Қамқоршы Күні

№30 мектепте "Қамқоршы күні" мерекесі өтті. Мерекеге қамқоршылар мен олардың балалары қатысты.
Мерекелік іс-шараның мақсаты — баланы өз отбасына қабылдап, тәрбиелеуге алған отбасыларға алғыс білдіру, бөтен бала мен бөтен қайғыны өзінікіндей санайтындарды көтермелеу.
Бұл күні балаларға өз жүрегінің бір бөлшегін сыйлайтын және тынымсыз еңбек ететін қамқоршылар мен қорғаншыларға құттықтау сөздер, алғыс айтылды.
Мереке күні мектеп әкімшілігі қамқоршыларды құттықтап, оларға алғыс хат табыстады. Тәрбиеленушілер қамқоршыларына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады, өздерінің ең жақын және туған адамдарына алғыстарын білдірді. Мерекенің құрметіне мектептің әлеуметтік педагогы қамқоршылар мен олардың балаларын ертіп, кинотеатрға барып, ертегілер тамашалады. Салқын күздің күні ертегіден кейін барлығының жайлы кафетерийде ыстық және дәмді кофе ішіп, жылынғылары келді.
Қамқоршылар мен қорғаншылар осындай мереке сыйлағандары үшін мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.