Павлодар облысы білім басқармасының, "Жас Ұлан" ББЖҰ және М.М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының бірлескен жұмыс жоспары негізінде 2018 жылдың 1 наурызында сағат 10.00-де оқушылар сарайы базасының кіші залында үйлестіруші, әдіскер, тәлімгерлерге арналған «Оқушылардың өзін-өзі басқару моделі» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың бағдарламасы мынадай шығармашылық алаңдарынан тұрды:
- Шығармашылық алаңы. «Мектеп комитетімен жұмыс тәжірибесінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бойынша тренингтік технологиялар» (көшбасшылық бағыт);
- Шығармашылық алаңы "Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуді қалыптастыру " (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт);
- Шығармашылық алаңы "Өлкетану бағыты жұмысындағы ойын технологиялары " (өлкетану бағыт);
- Шығармашылық алаңы "Жас қырандармен» жұмыстардың қазіргі заманғы нысандары " (патриоттық бағыт);
- Шығармашылық алаңы «Сен жалғыз емессің» әлеуметтік жобасы»
(еріктілер бағыты).
№ 30 мектеп тәлімгер Бовина Оксана Николаевна "Өлкетану бағыты жұмысындағы ойын технологиялары " шығармашылық алаңы жұмысына белсенді қатысты. Алаңда "Менің туған өлкем" атты квест-ойын өткізілді. Туған өлкенің тарихы мен географиясы станцияларында сұрақтар мен ойындар болды. Өткізілген іс-шаралардың ішінен ойын түрлері, сұрақтарды ерекше бөліп айтуға болады. Семинар соңында облыс тәлімгерлерінің арасында тәжірибе алмасу өтті. Семинар соңы ең белсенді тәлімгер марапатталды.