№ 30 ЖББОМ ауласында Наурыз мейрамына орай халықтық тойлау өткізілді. Наурыз мейрамы - бұл жарқын көктем мерекесі, табиғаттың жандануы, жақсылыққа үміт артылып, ең жарқын тілектердің орындалатын күні. Ұлы наурыз бір шаңырақ астына біздің шағын аудандағы бүкіл көпұлтты тұрғындарын біріктірді. Біздің мерекелік іс-шарамыз шашу шашумен және Қадыр атаның батасымен ашылды.
Іс-шара бағдарламасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті студенттері де белсенді қатысты. ПМПУ әкімшілігіне шын жүректен алғыс білдіреміз.
Өзінің әдемі нөмірлерімен Наурыз мерекесінде біздің оқушылар да қатысты. Спорт алаңында арқан тарту, тоғызқұмалақ және басқа да көптеген ұлттық ойындар өткізілді. Ойындарға шағын ауданның тұрғындары да қатысты.
Қонақтарға, жалпы жұртшылыққа тегін тәтті тағамдар, дәмді палау, наурыз - көже, ыстық шай таратылды.
Біз бәріміз бірге жиналып, мерекемен бір-бірімізді құттықтап, бір-бірімізге мейірім, жақсылық пен қуаныш тіледік
Наурыз қутты болсын!!!