Тіл жанашыры, ұлағатты ұстаз Ульян Мақұлұлы мен Аққулы ауданының құрметті азаматы Қабидолла Әлиұлы Әлібаевпен кездесу өтті.
Бүгін, білім ошағымызда тіл жанашыры, ұлағатты ұстаз, мемлекеттік тілдің жоғын жоқтап, мәртебесін көтеріп, оны насихаттауға зор еңбек сіңірген азаматы Ульян Мақұлұлы мен білім беру ісінің үздігі, «Облыс ауданында сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері, Аққулы ауданының құрметті азаматы Қабидолла Әлиұлы Әлібаевпен кездесу өтті. Іс-шара барысында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының175 жылдығы тілге тиек болды. "Абай өлеңдерін басшылыққа алу – жастар парызы» атты тақырыбында өзекті мәселелер талқыланды