„Абай деп соққан жүректер”
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау - Абайды тану. Дана Абай, дара Абай. Қазақтың ұлы ақынға құрметі шексіз. Себебі, Абайдың бүкіл өмірі халықты ел болуға, өзге жұрттан кем қалмауға үндеумен өтті. Ағымдағы жылда ұлы Абайдың 175 жылдығына орай әлем және ел көлемінде 500-ге жуық түрлі іс-шаралар өтуде. Осыған орай, біздің білім ошағымызда да осындай іс-шара орын алды. Мектепішілік жоспар негізінде „Абай деп соққан жүректер” атты танымдық сағатымен жалғасын тапты. Оқушылар жаттаған өлеңдерін, шығармаларын оқып, бейне материал тамашалап, әр түрлі ойындарда белсене қатысты. Жалпы, танымдық сабақ көңілді және қызықты өтті.