Қош бол, балабақшам! Түлектер, ертеңгіліктер
Бізден ұшып қанат қағып есейіп,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік,
Құтты болсын қадамдарын аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа енді жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл- ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың
Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін
Ақ жол болсын түлектерім!