Сенім телефоны
(WhatsApp-желісін қолдану мүмкіндігі бар) "жедел телефон желісі" +77779360693 8-(7182)-53-80-42
email: pavlodar18@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қ., Мир көшесі, 11/1
(WhatsApp-желісін қолдану мүмкіндігі бар) "жедел телефон желісі" +77779360693 8-(7182)-53-80-42
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағ. 9.00-ден сағ. 18.00-ге дейін
Как часто Вы посещаете наш сайт?
Голосовать
часто - 2
нечасто - 0
очень редко - 0
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
Бір жылда2940661
Бір айда429421
Бір аптада70079
Кеше3222
Тәулік5749
Ата-аналарға арналған ережелер

1. Балалар балабақшаға сағ.7.00-ден 8.00-ге дейін қабылданады.

2. Егер Сіз балаңызды балабақша күн тәртібінің қандай да бір сәтінің  (таңғы гимнастиканың, таңғы астың, сабақтардың) басталып қойғаннан кейін әкелген болсаңыз, балаңыздың сырт киімін шешіп, онымен бірге жақын арадағы үзіліске дейін киім шешетін бөлмеде күте тұруыңызды өтінеміз, сізге шығып, балаңызды қабылдайтын болады.

3. Педагогтар балаңызға қатысты мәселелерді Сізбен таңертенгі уақытта сағат 8.00-ге дейін және кешке сағат 17.00-ден кейін сөйлесуге әзір. Өзге уақытта педагог балалар тобымен жұмыс істеуі міндетті, сондықтан оны бұл уақыттарда алаңдатуға болмайды.

4. Балабақшаның қызметкерлеріне, олардың жас ерекшелігіне қарамастан  "Сіз" деп, аты-жөні бойынша жүгіну қажет.

5. Баланы таза, жинақы сырт келбетінде әкелу қажет, баланың өзімен бірге қол орамалы болуы тиісті. Міндетті түрде ауыстыратын киімдерін әкелу керек. Балаға арналған киімдердің барлығы белгіленуі тиісті. Белгіленбеген киімдерді балалар шатастырып, салдарынан тәрбиешінің жұмысы қиындатылады.

6. Сізден балаларыңыздың қалталарында үшкір, кескіш және қадалғыш заттардың болмауына аса мән берулеріңізді сұраймыз. Баланы балабақшаға апарған кезде сағыз, кәмпиттер және т.б. бермеулеріңізді сұраймыз. Егер бала балабақшаға 1 күн келмесе ол тамақтанудан алынады. Және топқа тек педиатрдың анықтамасымен қабылданады. 

7. Балабақша үшін төлем тұрақты түрде әр айдың 1-нен 10-на дейін жүзеге асырылуы тиіс. Бала ауырып қалса, дереу тәрбиешіге баланың аты-жөнін, тобын айтып хабарлау керек.   

8. Даулы және тартысты жағдайларды балалардың қатысуынсыз шешу қажет. Егер Сіз қандай да бір мәселені педагогтармен шеше алмасаңыз, меңгерушіге жүгіңіңіз.

9. Топтарда балалардың бір-бірін соғып, ренжітулеріне; рұқсатсыз жеке заттарын алуға, соның ішінде үйлерінен алып келген басқа балалардың ойыншықтарын алуға; басқа балалардың еңбегімен жасалған заттарды бүлдіріп, бұзуға тыйым салынады. Балаларға "есесін қайтаруға", сондай-ақ бір-бірлеріне қол жұмсауға тыйым салынады. Бұл талап әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ниетімен бұйырылған.

10. Мас күйдегі тұлғаларға, кәмелетке толмағандарға баланы балабақшадан алып кетуге қатаң тыйым салынады. 

 Отбасыларыңызда осы талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз!