Отан Қорғаушылар күніне орай стенгазеттер көрмесі
Отан қорғаушылар күні қарсаңында № 18 сәбилер бақшасында тәрбиеленушілер және ата-аналармен бірге "Әкенің қолынан бәрі келеді" фотогазет көрмесін рәсімдеді. Әке - әр адам өмірінде алатын орны ерекше бөлек. Ал балаға, әсіресе мектеп жасына дейінгі кездегі бала үшін әкесімен өткен әр сәт маңызды, себебі ол кезде бала әкеге қарап тәрбие алады. Әке баласын қажетті істерге үйрете алады,мәселен, шығыршықты коньки немесе велосипед тебуге, жалпы, әке бәрін біледі және балаға үлгі.