Қазақстан Республикасында 2021 жыл – Тәуелсіздік жылы болып жарияланды. Осыған байланысты «Бір ел, бір кітап» акциясы еліміздің Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған. "30 кітап– Тәуелсіздіктің 30 жылдығы" атты акция аясында жалпыхалықтық оқуға белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы үздік 30 шығармасы іріктелді. 2007 жылдан бастап бұл акция біздің елімізде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының арқасында өткізіліп келеді. Акцияның міндеті-қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Бүгін мектеп кітапханасы осы акцияға арналған виртуалды кітап көрме –шолуларының циклін ашады. Бүгінгі біздің шығарылым поэзияға арналған: Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан», Жұмекен Нажимеденов «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдаулет «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», Тоқтаралі Таңжарық «Түн парақтары», Бақытжан Канапьянов «Достояние души».
«Бір ел, бір кітап» акциясы