7 сәуір, Тәжік-Ауған шекарасында әскери міндетін орындауда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерін еске алу күніІшкі әскерлердің 6679 әскери бөліміне бару біздің мектебіміздің дәстүрі болып шықты. Осы жылы АӘД ұйымдастырушы-оқытушы В.В. Вайгант жетекшілігі бойынша 10-шы сыныптар оқушылары әскери бөлімге қайта барды, әскери міндетін лайықты орындаған және орындап жатқан жауынгерлерге құрметін көрсетті.
Іс-шара сапқа тұру алаңда салтанатты өтті. Іс-шараға қонақ ретінде № 26 ЖОМ және № 16 ЖОМ, сонымен қатар бөлім ардагерлері және оқшауланған соғыстардың қатысушылары болып табылатын келісімшарттық қызметтің әскери қызметшілері шақырылған. Митингте сарбаздар және оқушылар алдына бөлім командирі 1995 жылғы 7 сәуір күні шекарада болған оқиғалар баяндамасымен шықты.
Тыныштық минутасымен еске алып, шақырылғандар әскери оркестрдің қостауымен обелискке бағытталды, қаза тапқандарға гүлдер салды.
Митингтен кейін әскери бөлім территориясы бойынша топсеруен ұйымдастырылды: оқушыларға казармаларда болуға, әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысы қалай өтетінін көруге мүмкіншілігі берілді.
Осы іс-шара жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде маңызды ролін атқарды, әр адамның жанында өшірілмес із қалдырды.
Мақала авторы: ұйымдастырушы-оқытушы В.В. Вайгант