Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қамқоршылық кеңесті құру туралы
01-02-2022 18:48
Қамқоршылық кеңесті құру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны сайлау тәртібінің (бұдан әрі – Қағида) 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан 2017 жылғы       27 шілдедегі № 355 Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша арнайы білім беру ұйымдарында жұмыс жүргізілуде.

Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен түскен ұсыныстар негізінде құрылады.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса), ата-аналар комитеті ұсынған курстардың, сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымындағы оқушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі, қайырымды жандар (бар болса)кіреді.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болу үшін «Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-ге 60-19-20 телефоны арқылы хабарласу қажет. Ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 14 ақпанына дейін.