Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақ кепілі
05-01-2023 16:52
Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақ кепілі

Қалалық әдістемелік кабинетінің жоспары негізінде ағымдағы жылдың 05 қаңтарда біздің мектебіңізде мемлекеттік тілде оқитын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақ кепілі» тақырыбында семинар-коучинг өткізілді. Семинарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінен 60-тан астан мұғалімі қатысты. Сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату, білім алушыларды дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, оқу мен оқытудағы заманауи әдістері туралы білімдерін тереңдете отырып, сабақта қолданылатын әдіс түрлерін көрсетіп, онымен жұмыс жасауға үйрету мақсатында жалғастырылды.
Білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Шахановна Кайргазина қазіргі таңда сабақ барысында, білім сапасының үлгерімін көтеру мақсатында әдіс-тәсілдердің маңыздылығына назар аударды. №26 мектептің оқу-ісінің меңгерушісі Анар Кәрімқызы Байғабылова мемлекеттік тілде оқитын бастауыш сыныптарының жеңістерімен жетістіктеріне тоқталып кетті. Бастауыш сынып мұғалімдері Қымбат Жұмадировна Каткенова «Ынтымақтасқан, бірлескен ортаны құрудағы ұтымды топқа бөлу әдіс түрлерін» көрсетіп, Жұлдыз Серікқызы Мұсабаева «Үй тапсырмаларын тексеруде қолданылатын әдіс-тәсілдермен» таныстыра отырып, Арайлым Дархановна Нұрғалиева «Жаңа сабақ – мектептегі оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасына» тоқталса, ал мектеп психологы Жазира Пішембаевна Омарханова «Үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық көмек көрсету және оның әдістері» туралы айтты, Арайлым Болатқызы Теміржан «Сабақты қорытындылаудың тиімді жолдары» жөнінде айтып кетті. Өз педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
​ Семинар барысындағы жұмыста қала ұстаздары сабақ барысындағы тиімді әдіс-тәсілдермен танысып, өз тәжірибелік қорларын толықтырды.