«Әрқайсымыз Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндеттіміз» Қазақстан Республикасы Конституциясының 34 бабы 2 тармағы айтады, өйткені мемлекеттік рәміздер саяси тәуелсіздіктің және мемлекет егемендігінің белгілері болып табылады, ал азаматтардың мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі патриотизмді, өз еліне деген мақтанышты көрсетеді! Өзінің туы, елтаңбасы және әнұраны пайда болуы - жаңадан құрылған кез келген мемлекеттің бірінші қадамдары болып табылады.
1992 жылғы 4 маусым күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бірінші рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер туу күні ретінде қалады, өйткені мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің берік негіздерінің бірі.
Сондықтан біздің лагерьде 4 маусым күні мемлекеттік рәміздер туу күніне арналған салтанатты сапқа тұру, әңгімелесулер, ойындар, сұрақ-жауап сайыстары өткізілді. Және балалар мемлекеттік рәміздер – патриотизм, өз Отанына жүрегі тулаған қатынасы тәрбиеленетін қасиеттіліктер екені туралы шешімге келді. Оларды білу, құрметтеу керек. Олардан біздің Отанымыз басталады.