Біздің мектебімізде 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қалалық, облыстық және республикалық деңгейде өткен пәндік олимпиадалар, ғылыми оқулар, ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстары
бойынша жүлделі орын иеленген оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Бұл жетістіктер — оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы мен табандылығының, ең бастысы, ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
Оқушыларымызды жеңіске жетелеген, білім мен тәрбие берген барлық мұғалімдерге зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің еңбектеріңіз — ел болашағына қосқан үлкен үлес!
Марапатталған әрбір оқушы — мектебіміздің мақтанышы!
Барша жеңімпаздар мен ұстаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестер мен толағай табыс тілейміз!
