Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында
28-10-2011 05:05
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында

 

 

2011 жылғы 16-22 қазан аралығында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында «Проза» шығармашылық студиясында оқыту өтті. Татьяна Дорошенко және Елизавета Ершова біздің қаламыздың өкілдері болды (№ 26 ЖОМ оқушылары), оларды еріп жүрген біздің мектебіміздің ұстаз-психологы Жазира Пишембайқызы Омарханова.  

        

«Бөбек» орталығы туралы бірінші әсерді біз топсеруеннен алдық. Кешкі мезгілде «Жүректен жүрекке» танысуы болды, оны «Бөбек» орталығының өкілі Б.К. Кудышева  өткізді. Ал келесі күні бізді студияны салтанатты ашу және өзін-өзі тану сабақтары күтті, сабақтарды өзін-өзі тану бойынша кітап авторлары Г.И. Аллаярова, Ж.Б. Кажигалиева жүргізді.        

Бізге арнап оқыту шеберлік сабақтары  өткізілді.ҚР ӨТ шеберлік сабақтарын жазушы, сыншы, ақын А.Ж. Балкыбек, «Дружные ребята» газетінің тілшісі, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, О.Н. Гумиров  республикалық сыйлығының лауреаты, композитор, п.ғ.к., музыка оқытушысы Б.А. Ахмешев, «Балдәурен» халық аспаптары ансамбілінің жетекшісі С.Б. Ахметов, ҚР ӨТ басқармасының мүшесі, балалар жазушысы, «Алаш» халықаралық сыйлығының  иегері Ш. Кумисбайулы өткізді.

Қазақстан  жас жазушылары, ҚР ӨТ мүшелері Д. Бейсембекулы, М. Мукашев, А. Мантаева, К. Абильхаирдің шығармашылық кеші ең есте қаларлық  болды.

  

        

О. Языджи және Л. Абильдаева, А. Кастеев атындағы  Өнердің мемлекеттік мұражайының жұмыскерлері, «Қазақстан өнеріндегі рухтандырушылықтың қайнар көздері» дәрісін өткізді.

          

 

Біз Алматының әдеби жерлеріне бардық, Қазақстан атақты ақындарының және жазушыларының шығармаларын  естідік, «Кармен-сюита» балетін тамашаладық.

Зоопаркке және «Бөбек» орталығының обсерваториясы бойынша топсеруендерге барғаннан ұмытылмас әсер алдық.

Әр кеш сайын біз құрдастармен әсерлерімізбен алмастық, олар да біз сияқты Қазақстанның барлық жерлерінен «Проза» студиясындағы сабақтарға  келді.

Соңғы күн алдындағы кеште студияның әр қатысушысы шығармашылық есеп үшін  портфолио құрды.Татьяна Дорошенконың  жұмыстары  ең үздіктілердің  бірі болды.

          

        Студияның салтанатты жабылуында бізге сертификаттар және алғыс хаттар ұсынылды.

            

         

Келесі күні біздің жаңа достарымызбен қоштасу қиын болды, біз бір отбасы болуға үлгердік.

№ 26 ЖОМ ұстаз-психологы

Омарханова Жазира Пишембайқызы