4 маусым күні «Айгөлек» мектеп жанындағы лагерьде Қазақстан Республикасының Рәміздерінің күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті. Күн салтанатты сапқа тұрудан басталды, осы сапқа тұруда ҚР Әнұраны тыңдалды. Ал таңертеңгі астан кейін балалар интербелсенді тақтаны қолданумен «Қазақстан Республикасының рәміздері» лагерь іс-шарасын дайындауға және өткізуге белсенді қатысты. Осында балалар біздің еліміздің рәміздері туралы, қазақ халқының тарихы туралы айытты. Әсіресе «Ал сен рәміздерді білесің бе?» атты сұрақ-жауап сайысы ұнады. Осында балалар конкурстарға белсенді қатысты. Аға вожатый: Галима Темірболатқызы Абылхаирова