Жетекшісі: О.С. Никуличева.
Жиырмасыншы ғасырдың екінші бөлігі және қазіргі уақыт баланы өнер құралдары арқылы тәрбиелеу және дамыту жүйесін қалыптастыру үрдісінің белсендірілуімен сипатталады. Көркем тәрбиенің сан алуан түрлерінің арасында хореографияның орны ерекше.
Хореография – синтездік өнер. Ол баланың дене, музыкалық-ырғақты, эстетикалық және, тұтас алғанда, психикалық дамуының міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Келбетін , қимылдау мәдениетін, мимикасын қалыптастыру, музыкалық талғамын дамыту баланың өзіне деген сенімділігін арттырады. Қимылдарының үйлесімділігін жетілдіру баланың коммуникативтік белсенділігін арттыруға көмектеседі.
Сабақтардың жоғары мәнерлілігі және эмоционалдығы мектепке дейінгі оқушылардың психикалық хал-жайына оң әсерін тигізеді. Студияға әр-түрлі жастағы балалар барады.