ЖСН беру – бұл соншалықты маңызды ма?
14 ақпан күні біздің мектеп оқушылары ІІД өкілдерімен бірге онлайн тәртібінде интернет-конференцияға қатысты.
Интернет-конференцияның тақырыбы: «Жасына жеткен және ел шегінен жиі шығатын азаматтарды құжаттандыру, әсіресе оқушыларды. Кәмелетке толмағандарға және балаларға ЖСН беру. Ұялы телефондармен байланысты қылмыстардан сақтандыру, оларды болдырмау, алдын алу.»
Интернет-конференцияға 13 оқушы, 6 ұстаз қатысты. Конференция барысында келесі сұрақтар қойылды: «Егер балада ЖСН болмаса, онда ата-анасы жауапкершілік тарта ма?», «Егер балада туу туралы куәлігі болмаса, тек перзентханадан туу туралы анықтамасы ғана болса, ал анасында жеке куәлігі болмаса, олар қайда бару керек?»