Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қашыр ауданының БЖҰ күні
27-02-2013 18:15
Қашыр ауданының БЖҰ күні

 

22.02.13 ж. Оқушылар сарайында Қашыр ауданының «Жас Ұлан» балалар-жастар  ұйымының күні өтті, осында  қала мектептерінің БЖҰ  шақырылды.  Кейбір мектептердің белсенді балалары осы іс-шараны өткізуге қатысты, олардың арасында  біздің «Болашақ» БЖҰ көшбасшылары да болды.

Барлығымыз кіші залда жиналып, рәсімді Оқушылар сарайының директоры Е.П. Луб ашты.Содан кейін біздің Қашырдан келген қонақтарымызға сөз сөйлеу құқығы берілді.   Балалар кездесуге өте мұқият дайындалды, олар СӨС, өз істері, өз ұйымының жұмысы туралы кішкентай көрсетілімдер қойды.Насихаттау бригадасы барынша дайындалуға тырысты, музыкалық нөмірлермен қостап, бейнероликтерді және слайд-шоуларды көрсетті. Түрлі атрибуттар және костюмдер  барлық көрермендерді таң қалдырды, біздің қонақтарымыз  осы іс-шараға бар жауапкершілігімен дайындалғанын дәлелдеді.

Көрсетілімнен кейін барлық қатысушылар белсенді балалар мектептеріндегі секциялар бойынша бөлінді, осында балаларға  шеберлік-сағаттары, түрлі тренингтер, интербелсенді сабақтар, танымдық бағдарламалар көрсетілді.Осының барлығынан әсер алып, сезімдерге толы балалар  бір-бірімен көргенімен бөлісіп, өздеріне көп жаңа достар тапты, өз ой өрісін кеңейтті.

Асханада түскі ас ішіп, барлық қатысушылар үлкен залдың фойесінде жұмысын жалғастырды, осында «Қарым-қатынас жасаудың шығармашылық шеберханасы» басталды.Тәжірибелі және жігерлі  балалар  жетекшілігіндегі біздің облысымыздағы скауттар қозғалысы бірнеше бағыттар бойынша бөлінді, ешбір адам жоқ жерде бірінші медициналық көмекті қалай көрсету керектігін қонақтарға көрсетті,бауды және жіпті өруге, сурет салуға, түрлі аспаптарда ойнауға және басқаны үйретті.Ешкім шетте қалған жоқ, мұғалімдер, әдіскерлер, үлкендердің барлығы да белсене қатысты, осындай қызық істен үлкен күш қуат  алды.

Іс-шара аяғында жалпы фотосуретке түсіп,  балалар кеткісі келмей бір-бірімен қоштаса бастады, тағы да келуге сөз берді. Біз достық және махаббат құрметіне жасалған үлкен жүрек түріндегі ұшыратын батпырауықтың отын жандыруға далаға шықтық.Біздің жаңа достарымызды шығарып салып,тағы да кездесуге сөз беріп, біз олармен қоштастық.   Барлығы ұмытылмас өтті!