Мектеп омбудсмені Нұрия Ермағанбетова аға вожатый З.Н. Смаиловамен бірге Достық үйінде өткен жазушы Сергей Горбуновтың кездесу кешіне шақырылды.Кештің қонақтары оның әріптестері, қайраткерлер, достары, журналистер және қала мектептерінің оқушылары болды.
Сергей Горбунов көптеген кітаптардың және шығармалардың авторы, бүкіл өмірін сүйікті ісіне берген.
Кеш презентациямен қосталды, онда оның өмірінің фотосуреттері көрсетілді, қонақтардың назарына оның кітаптары ұсынылды, оларды оқып, қарауға болды. Қатысушыларға кітаптар сыйланды, оларды алуға барлығы қуанды. Сонымен бірге өз пікірін және әсерін айтуға арналған «бос» микрофон болды. Жазушының достары өз достығы, Сергей Горбуновпен бірге өткен жастық шағы туралы айытты.Сергей Горбуновтың шығармашылығымен қызығатын адамдар көптеген жақсы тілектер айтып, алғыс білдірді.
Осы кездесуден зор әсер алып, көңіл-күйіміз көтерілді!