Бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық семинары
Біздің мектепте үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырудың үш айлық курсын аяқтаған бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық семинары өтті. Семинардың негізгі мақсаты – білім берудегі Кембридж тәсілінің негіздері – сындарлы оқытудың әдістерін қолданудың тиімділігін көрсетуде мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы болды. Осыған байланысты Нұрғалиева Гүлнар Өкенқызы 4- сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ көрсетті. Сабақ барысында ұйымдастырылған жұмыстардың негізгі оқушылардың топтарда өзара пікірлесуі, әрекеттесуі арқылы жүзеге асырылды.