Біздің мектепте 3 «Б» сыныпта бір ерекше оқушы бар – бұл Гриценюк Вика.Денсаулығына байланысты Вика үйде оқытылады.Қыздың сұрауы бойынша ата-анасы қызды мектепке 6 жаста берді.Бірақ Вика өз сыныптастарынан қалмай, көптеген істерде оларды озып түседі.Барлық үш жыл бойы Вика бестерге оқиды, тек кейде оның күнделігінде төрт деген баға пайда болады.Виканы оқытатын мұғалімдер білім алуда оның табандылығын, білімге құмарлығын атап өтеді.Және де Виканың өмір сүйгіштігі зор, әзіл-оспақ сезімі жақсы дамыған.Денсаулығына байланысты бүкіл ауырлыққа қарамастан Вика белсенді өмір сүреді.Ол – Интернеттің белсенді пайдаланушысы, Вика әлемде болып жатқан бүкіл оқиғалар туралы хабардар.
6 сәуір күні Вика 9 жасқа толады.Туған күнінің қарсаңында Викаға және оның отбасысына денсаулық пен амандық тілегіміз келеді.