Бүкіл оқу жылы бойы мектепте 9, 11-ші сыныптар оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізілді.9-шы сыныптар оқушыларына «Сто дорог-одна твоя» үйірмесі ұйымдастырылған.Үйірме жетекшісі Л.И. Фрик балаларды кәсіптермен таныстырды, мектеп психологы И.И. Иовенкомен бірге аутотренингтер жүргізді, бұл жасөспірімдерге өз мамандығын ойланып тадауға көмектесті.
12 сәуір күні балалар Ахметов ат. Павлодар педагогикалық колледжіне барды.Мында оларды мұғалім, тәрбиеші деген кәсіптермен таныстырды, аудиторияларды көрсетіп, мұражай бойынша топсеруен жүргізді.
16 сәуір күні 9-шы сыныптар оқушылары Павлодар экономикалық колледжінің қонақтары болды, мында оларға бухгалтер, экономист, маркетолог, юрист кәсіптерімен таныстыратын презентация ұсынылды. Сонымен бірге колледж студенттері концерттік бағдарламаны көрсетті.
19 сәуір күні балалар № 9 колледжбен таныстырылды.Оқушылар жұмысшының мамандықтары туралы ақпарат алды: металл пісіруші, ағаш ұстасы, темір ұстасы, сылақшы.Оқытушылар тек кәсіптер туралы айтып қана емес, темір ұсталық, металл пісіру жұмыстарын іс жүзінде қалай жүргізетінін, плитканы қалай салу керек екенін көрсетті.
Оқу жылының соңына дейін балаларды кәсіптер әлемімен таныстыру жалғастырылады.