Құттықтаймыз!
Дәл ғылымдар аптасы шегінде бастауыш сыныптарға арналған ең үздік «Моддинг компьютера» атты конкурсы жарияланды. Жеңімпаздар болды: Рита Мукина (2В), ол зоопарк түрінде моддингтің суретін салды: жүйелік блок піл түрінде, монитор мысық түрінде, ал компьютерлік тышқан кәдімгі сұр тышқаннан аумады.
2-ші орынды Арина Никитчук алды, ол «Радуга» моддингін жасады. Компьютердің бөлшектері қалыпты емес формада және түрлі-түсті болды.
3-ші орынды Азамат Абишев алды.Ол жұлдызды құлаққаппен және жүлдыз түрінде бес кнопкасы бар тышқанмен «Звездный компьютер» моддингін орындады.