Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бірінші рет бірінші сыныпқа...
22-05-2013 05:20
Бірінші рет бірінші сыныпқа...

Әлемдегі барша жұрт,
Бас иеді білімге.
Білім күнін қарсы алып,
Қыркүйектің бірінде.

Білім күні, біл мұны –
Ойға сәуле шашады.
Баршамызға бұл күні,
Метеп есік ашады.

 

Құрметті келешек бірінші сынып оқушылары және ата-аналар!  Сендердежақын арада маңызды күн болады:  сендер мектепке оқуға келесіңдер.Кеше ғана сендерді балалар, бүлдіршіндер деп атады, ал енді сендер туралы «Осы оқушылар» деп айтады.

Мектеп сендерге  екінші үй болады, сендер көптеген жаңа достар табасыңдар.Сынып деп аталатын бөлмеде  сендер күн сайын ерекше сыйлықтар аласыңдар.Бірақ бұл ойыншықтар мен кәмпиттер емес. Бұл білімдер.Осы істе кім сендерге көмектеседі?

Жаққан білім шырағын,
Таққан ғылым тұмарын.
Әліппені үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Баптап ойдың қыранын,
Тапқан асқақ тұрағын.
Жазуға да үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Шырқап шаттық жыр-әнін,
Ашқан ақыл бұлағын.
Жақсылыққа үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Айтқаныңды ұғамын,
Білімді боп шығамын.
Биіктерден көрінсем – 
Сенің арқаң – мұғалім!

 

Міне сендердің «мектеп аналарың», олар сендерді 1 қыркүйек күні қарсы алады!

Борецкая Нина Николаевна

 

 

Жоғары санатты бастауыш сыныптар (гимназия) мұғалімі. Білімі жоғары.Оқытуды жеке тұлғаға бағдарлы оқыту технологиясы негізінде  іске асырады.

Нұрғалиева Бақыт Оралқызы

 

Бірінші санатты бастауыш сыныптар мұғалімі.Білімі жоғары.Оқытуды жеке тұлғаға бағдарлы оқыту технологиясы негізінде  іске асырады.

 

Нұрғалиева Гүлнар Окенқызы

 

Жоғары санатты бастауыш сыныптар мұғалімі.Білімі жоғары.Мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарда пәнді  оқытуды іске асырады. Оқытуды сыни ойлау және жеке тұлғаға бағдарлы оқыту технологиясы негізінде  іске асырады.

 

Сендер ақылды, мейірімді, еңбекқор болып өскендей, олар сендерге өзінің бүкіл білімдерін береді.