Қызықты грамматика

Тіл мерекесіне байланысты қазақ тілі мұғалімдері Байғабылова А.К. және Халикова А.И. 3-4 сынып оқушыларының арасында «Қызықты грамматика» атты сайыс өткізді. Сайыс барысында оқушылар белсене қатыса отырып, берілген тапсырмаларды қызыға орындады. Оқушылар сөзжұмбақ , ребустар шешті және грамматика туралы өздері дайындаған тұсаукесерлерін көрсетті. Сайыс соңында жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен марапатталды.