Біз денсаулықты таңдаймыз
2 қыркүйек күні біздің мектепте «Біз денсаулықты таңдаймыз» ұранымен Денсаулық аптасы басталды. Осы апта бойы мектеп оқушылары СӨС тақырыбына жатжазу жазып, «Спорт, сен әлемсің!» суреттер конкурсына, «Көңілді экспресс» спорттық қолжалғауына белсене қатысты. Мектеп мейірбикесі Л.Д. Лапина Денсаулық аптасы шегінде «Өз қан қысымыңды өлше» акциясын өткізді, оған мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты.Сенбі күні бүкіл мектеп дене шынықтыру мұғалімі А.К. Гончаровтың жетекшілігімен таңертеңгі жаттығуларды жасауға шығып, «Жаттығу жасауға дайындал» жаттығулар кешенін орындады. Апта тез өтті, бірақ оқушылар мен мұғалімдер бойында сергектік пен күш қуатын қалдырды.