«АБВГДейка» турниры
5 «А» сыныбында тілдер күніне арналған іс-шара – «АБВГДейка» турниры өтті. Ол бес турдан тұрды. Мұнда балалар орыс тілінен білімдерін көрсетті, «Тіл» тақырыбына мақалдар және мәтелдерді айтты, кроссворттар мен шарадаларды шешті, алфавитті еске түсірді, әліппе туралы тақпақтар құрастырды. Сөз таптары арасынан артықтарын тапты, сөйлемдерді құрастырды. Мәтелдерді қазақ тіліне аударып мағынасына сәйкес қазақ тілінен мәтелдерді тапты. Екі команда: «Знатоки», «Граммотеи» жарысты. Нәтижесінде «Знатоки» командасы жеңді.