Ересек «А» тобы мен ересек «Б» топтарының арасында спорттық ойындар өткізілді. Балалар өз топтарының басшысын таңдап алды, сонымен қатар, өз топтарына атау қойды.
Ойынның шарты мынадай болды: Балалар алдымен бір бірімен амандасады. Амандасып болғаннан кейін сайысты бастайды. Тәрбиешінің белгісімен берілген спорттық жабдықтардан өтулері тиіс. Біріншіден, суретте көрсетіліп тұрғандай, ала өтпеден өтеді, екіншіден, тақтайдан жасалған дөңгелектен өтеді, үшіншіден, секіргіште тұрып, беске дейін санап жүгіргіндей болады. Осылай сайыс жалғаса береді. Берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін жеңімпаз топ анықтау керек болды. Бірақ та, біздің мақсатымыз балалар арасында өзара қарым-қатынасты нығайту болғандықтан, достық жеңді деп шештік.