Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бізге не қажет – баланың физикалық ахуалы ма, әлде оның оқуы ма?
30-09-2013 05:09
Бізге не қажет – баланың физикалық ахуалы ма, әлде оның оқуы ма?

Аса көрнекті жаңашыл-педагогі В.А.Сухомлинскийдің «Баланың денсаулығына қамқорлық жасау – ол санитарлы-гигиеналық нормалардың және ережелердің жиынтығы ғана емес... сондай-ақ күн тәртібіне, ішетін асына, еңбегіне, демалуына қойылатын талаптар жинағы емес. Ол ең алдымен барлық рухани және физикалық күштердің гармониясы толық болуы, шығармашылықтың  қуанышы болып табылады» нақыл сөздерін оқи отыра, «Бізге не қажет – баланың физикалық ахуалы ма, әлде оның оқуы ма?» деп ойланып қаласың. Сондықтан мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері оқу барысында оқушының психикалық денсаулығын қамтамасыз ету үшін денсаулықты сақтау технология әдістерін жиі қолданады. Оған таза ауадағы спорт және қимыл ойындары жатады.

Соңғы шуақ күндері мектеп мұғалімдері Л.Т.Худода және М.А.Ажикенова балалармен бірге «Мысық-тышқан», «Бүршік, емен жаңғағы, жаңғақ» ойындарын өткізу арқылы балалардың қалжырағандық пен шаршағандықты алдын алып, олардың оқуға деген мотивациясын арттыруға көмектесті.