Ертегі - өтірік те онда ишара...
Осындай ұранмен 2 «Б» сыныбында әдеби оқулар сабағы өтті. Оқушылар «Оқтау ұстаған түлкі» атты орыс халық ертегісімен таныс болды. Балалар түлкінің портретін жасап, оның қасиеттерін атады.
Түлкінің басты қасиеті қу болатындығын дәлелдеп, кесте құрды. Еске сақтау бойынша оқиғаның барысын қайта құрды.
Сабақ соңында балалар қарияның қылығын бағалап, түлкі қандай қатынасқа ие болғанын көрсетті: қызыл дөңгелек-лайықты емес, сары-біраз ғана, жасыл-лайықты. Балалардың көпшілігі қарияның қылығы дұрыс деп санады.