ҚҰҚЫҒЫМ БАР
Адам қоғамы ереже бойынша өмір сүру керек. Сонда ғана қоғамда ізгілік, әділдік, ар, тәртіп және парасат принциптері жұмыс жасайды.
«Уақытпен сыналған тәртіп және қарым-қатынас ережелері, мораль нормалары біртіндеп бекітіліп заңдар формаларына ие болды» - осы сөздерден мектеп кітапханасында 7 «Г» сынып оқушыларымен «.....ҚҰҚЫҒЫМ БАР» атты сынып сағаты басталды. Оқушылар Конвенцияға ерекше назар аударды. Онда әр адамның басты құқығы - өмір сүруге құқылы, әрбір баланың тегін білім алуға, емделуге құқысы бар деп жазылған. Оқушылар өз құқықтарын ғана емес, сондай-ақ міндеттері жайлы талқылауда белсенділік танытты.