"Қызықты математика" үйірмесі
Біздің мектепте «Қызықты математика» атты үйірмесі ұйымдастырылған.Бұл үйірмеге 5 «А» сынып оқушылары қатысады.Үйірменің мақсаты -оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау және есептеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Үйірме сабақтары барынша жүйелі, қарапайым және қызықты. Үйірмеде оқушылар ерікті түрде пікір алмасып, өзойларын жасқанбай ортаға салады.Сонымен қатар өздігінен жұмыс жасауға тырысады. Оқушылар тақырып бойынша презентация, басқатырғыш дайындайды.Үйірме қызықты өтеді.