Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Шіркін, поэзия! Саған жанымды бергім келеді...» атты мектепішілік Қалижан оқулары
13-12-2013 06:22
«Шіркін, поэзия! Саған жанымды бергім келеді...» атты мектепішілік Қалижан оқулары

      Халқымыздың біртуар перзенті, сүйікті ұлдарының бірі, абзал азаматы, қазақ әдебиетінің негізін салушы жалынды, қайсар, дауылпаз ақын, драматург ,жазушы,аудармашы жерлесіміз Қалижан Бекхожиннің туғанына да 100 жыл толыпты.   Қазақ  әдебиетінің  дамуына  сүбелі үлес қосқан ақын-жазушы Қалижан Бекхожиннің «100 жылдық мерей тойына» арналған мектепішілік «Шіркін, поэзия! Саған жанымды бергім келеді...» атты көркем оқудан сайыс  өтті. Сайысқа он бес шақты оқушы қатысты.  Сайыста  8-сынып оқушысы Жантемірова Зарина ақынның 35 өлеңі мен «Батыр Баян» поэмасын жатқа айтса 1- орын  және 7-сынып оқушысы Громакова Валерия 15 өлеңін жатқа айтып,  1-орын ие болып, ерекше көзге түсті. Жүлделі орынға ие болғандар қалалық оқуларға жолдама алды. Сәрсенбі күні болатын қалалық сайыста  шәкірттерімізге сәттілік тілейміз.

    Бұл күнде Қалижан мұрасын оқып, өздеріне рухани азық, ләззат алар ұрпақтары көптеп саналады. "Ғалымның хаты өлмейді, Жақсының аты өлмейді" дегендей бір жасы мың болатын, артында өлмес сөз, өшпес із қалдырған қаламгер  Қалижан атамыздың  есімі ешқашан ұмытылмайды. 

  ӘБ жетекшісі: Акпарова Т.Т.